Жазбаша аудармалар

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАНК ҚҰЖАТТАРЫН АУДАРУ 

OLS аударма агенттігі банк және қаржы қызметі саласындағы барлық аударма түрлерін орындайды. Базамызда – 100 білікті аудармашы.

Инвестициялық, қаржы және лизинг компаниялары, банктер қаржы құжаттарын аудару үшін бізге тапсырыс береді. 

OLS артықшылығы:

  • Біз жеке-жеке сала бойынша маманданған аудармашылармен жұмыс істейміз. Бұл қаржы есептілігі мен банк құжаттарының аудармасы секілді тар бейінді білімді талап ететін салаларда аударманың жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
  • Кәсіби платформа мен аудармашылардың үлкен базасы есебінен қысқа мерзім ішінде материалдың едәуір көлемін жедел өңдей аламыз;
  • Қаржы аудармасына тапсырыс берсеңіз, жұмысыңызды толықтай «кілтімен» аласыз. Уақытыңызды үнемдеу үшін, мәтінді түпнұсқасына сәйкес дәлме дәл ресімдей аламыз.  

 

МҰНАЙ-ГАЗ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі мұнай-газ тақырыбындағы мәтіндерді жоғары кәсіби деңгейде орындайды. Компаниямыздың базасында осы салада мамнданған 50 астам аудармашы бар.

  • Аудармашыларымыздың ҚазМұнайГаз компаниясы құрылымдарында жұмыс тәжірибесі бар. 

OLS артықшылығы:

  • Кадрларды қатаң іріктеу мұнай-газ тақырыбындағы аудармаларды жоғары деңгейде орындауға, бастапқы мәтіннің мағынасын барынша дәл беруге және замануи терминдерді дұрыс қолдануға мүмкіндік береді;
  • Аудармашылардың көптігі және кәсіби платформа кез келген көлемдегі тапсырыстарды өңдеуге мүмкіндік береді. Күн сайын 100 беттен аса мәтінді аударамыз. 

 

ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫН АУДАРУ

Егер Сізге құрылыс құжаттамасын аудару қажет болса, оны OLS аударма агенттігі оны сапалы және қысқа мерзім ішінде орындап береді. Құрылыс тақырыбына маманданған және тіл қолданушысы болып табылатын 50 аса аудармашы бізбен тұрақты байланыста, сондықтан да бізде күрделілігі мен көлемі жағынан кез келген тапсырысты жедел өңдеу мүмкіндігі бар. 

OLS артықшылығы

  • Аударманы кәсіби білімі, тәжірибесі және мамандығы бойынша қосымша дайындықтан өткен мамандар іске асырады;
  • Кез келген көлемдегі аударманы, оның ішінде – құрылыс тақырыбындағы мәтіндердің шұғыл аудармасын жасаймыз;

Біздің агенттікте құрылыс құжаттамасының аудармасын толықтай «кілтімен» алуға тапсырыс беруге болады.Мәтіндерді түпнұсқасына сәйкес ресімдеуді өз мойнымызға аламыз.

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі  кез келген медициналық тақырыптағы: анықтамалар, сырқатнамалар, препараттар мен құрал-жабдықтар нұсқаулығы, мақалалар, диссертациялар мен кітаптардың аудармасын жасайды. Медициналық аудармаларды кәсіби жоғары білімі бар мамандар орындайды.

Медициналық мәтіндер аудармасына бізге тапсырыс беретіндер, фармацевтика компаниялары, медицина орталықтары мен клиникалары, баспалар, медицина құрал-жабдықтарын жеткізіп берушілер, соның ішінде

«Медикер» – медицина препараттары талдамасын аудару;

«Canadian society for international Health» – медициналық құжаттама аудармасы

OLS ЖШС артықшылығы

  • Біз аударма сапасын қадағалаймыз. Бізге жұмыс тапсыра отырып, Сіз жоғары сапалы медициналық аударма алатыныңызға сенімді болыңыз;
  • Біздің базада медицина тақырыбына маманданған 50 аса аудармашы бар, сондықтан да біз кез келген көлемдегі медицина мәтіндерінің аудармасын аламыз. 

 

ЖАРНАМАНЫ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі жарнаманы әлемнің 50 тілінен аударады. Агенттігімізде 20 астам аудармашы бар.

OLS артықшылығы:

  • Жарнама мәтіндерін аударудағы мол тәжірибе мен базамыздағы жарнамашы-практиктер клиенттерімізге жоғары сапалы жарнама аудармасын қамтамасыз етеді;
  • Өзге тілді мәдениет өкілдерімен қарым-қатынаста едәуір тәжірибесі бар тіл қолданушылары мен аудармашылары қызмет жасайды. Бұл тұтынушылардың мәдени ерекешілігін ескере отырып, жарнама аудармасы мен оның икемделуін сауатты түрде іске асыруға мүмкіндік береді.  

 

ҒЫЛЫМИ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі кез келген тақырыптағы ғылыми мәтіндер аудармасын орындайды. Базамызда білімнің түрлі саласындағы ғылыми мәтіндер аудармасын іске асырушы 40 аса маман бар. Егер Сізге сирек және аз зерттелген тақырыптағы мәтін аудармасы қажет болса, бізге хабарласыңыз, кез келген салада маманданған аудармашылар тауып береміз.

  • Бізге ғылыми мәтіндер аудармасына тапсырыс берушілер арасында- «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» – Астана экономикалық форумына арналған жазбаша аудармалар,«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ – ISO халықаралық стандарттарының аудармасы және басқа компаниялар бар.   

OLS артықшылығы

  • Ғылыми-техникалық мәтіндер аудармасын жалпы ғылыми және тар шеңберде маманданған терминологиялық аппаратты кәсіби игерген мамандар іске асырады. Аударма сапасы тіл қолданушылары жазған материалдар деңгейіне сәйкес;
  • Біз кез келген көлемдегі: ғылыми мақала немесе көптомдық энциклопедия аудармасын жасаймыз;
  • Агенттік тіл қолданушыларымен бірлесіп қызмет істейді. Базамызда 70 аса түрлі тілдік қауым өкілдері бар. Ғылыми-көпшілік мәтіндер мен ғылыми-техникалық аудармаларды әлемнің 50 тілінен/тіліне аударамыз. 

БАҚ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі БАҚ арналған мақалалар, баспасөз хабарламалары, шолулар және басқа да мәтіндер аудармасын ұсынады. Аударманы журналистік білімі мен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында мол жұмыс тәжірибесі бар мамандар орындайды.

Біздің қызметімізді 30 аса компаниялар пайдалануда. Оның 90% жұмысымызды «өте жақсы» деп бағалады.

OLS артықшылығы

  • Біз аудармашыларға рейтинг жүргіземіз және дайын мәтіннің сапасын бақылаймыз.  Бұл БАҚ арналған аударманың жоғары сапасын қамтамасыз етеді;
  • Агенттік базасында 20 аса аудармашы бар, сондықтан да біз БАҚ арналған кез келген көлемдегі, соның ішінде – мәтіндердің шұғыл аудармасын жедел орындаймыз;

Толықтай «кілтімен» берілетін тапсырыстарды орындаймыз: мәтіндердің түпнұсқаға сәйкес редакциясы мен беттелуін іске асырамыз. 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі экономикалық мәтіндер (бизнес-жоспарлар, есептер, анықтамалар), сондай-ақ мақалалар, маркетингтік зерттеулер мен экономикалық тақырыптағы кітаптар аудармасын орындайды.

Аудармашыларымыз – Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істейтін бас бухгалтерлер, сатып алулар бойынша мамандар, қаржы сарапшылары, биржа кеңесшілері.

 

OLS артықшылығы

  • Компания 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Клиенттеріміз үшін 100 000 аса бетті аудардық  және тапсырыс берушілердің 90%  жұмысымызды «өте жақсы» деп бағалады;
  • Базамызда экономикалық аударманы іске асырушы 30 аса маман бар. Бұл күрделілігі мен көлемі кез келген экономикалық мәтін аудармасын қысқа мерзім ішінде сапалы орындауға мүмкіндік береді;

 

ЗАҢ ҚҰЖАТТАМАСЫН АУДАРУ

OLS аударма агенттігі заң құжаттамасы: келісім шарттар, келісімдер, жарғылар, жеке құжаттардың кәсіби аудармасын ұсынады. Біз аудармаларды нотариалды куәландыру мен құжаттарға апостиль қоюды іске асырамыз.

Агенттік аудармашылары түрлі бағытта шұғылданып жүрген адвокаттар мен заңгерлер.

OLS артықшылығы

  • OLS –сирек тілдерді қоса алғандағы, әлемнің 50 тілінен/тіліне құжаттар аударатын агенттік;
  • Құжаттама аударуға тапсырыс бере отырып, Сіз толық ресімделген құжаттар аласыз. Біздің аударма бюросында нотариус заңнаманың барлық талаптарын сақтай отырып, құжаттарды растап береді; 
  • Агенттік базасында заң тақырыбындағы мәтіндерге маманданған 40 аса аудармашы бар, сондықтан да біз кез келген көлемдегі аударманы орындаймыз;

Құжаттарды қысқа мерзімде дайындап береміз. Біздің аударма бюросында құжаттарды заңдастыру мерзімі 7 күннен аспайды. 

 

ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ АУДАРМА

OLS аударма агенттігі әлемнің 50 тілінен/тіліне аударылатын тағам өнеркәсібіндегі аудармаларды  ұсынады.

OLS артықшылығы

  • Аударманың жоғары жылдамдығы. Біз күн сайын 100 аса бетті аударамыз және үлкен көлемдегі құжаттаманы жедел өңдей аламыз;
  • Аударма дәлдігі. Тағам өнеркәсібі саласындағы аударманы осы саланың мамандары орындайды, олардың көбінің еңбек өтілі 10 жылдан асады. Олар өнеркәсіп саласының ерекшелігімен жақсы таныс және құжаттар мен басқа да материалдарды ресімдеуге қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып кәсіби аударма жасайды;
  • Қарапайым тапсырыс беру рәсімі. Сіз аударуға берілетін материалдарды электрондық пошта немесе кәдімгі пошта арқылы  жібере аласыз, ал дайын аударманы Сізге шабарман жеткізіп береді, немесе электрондық поштаға жіберіледі.

 

ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ АУДАРМА

OLS аударма агенттігі логистика саласындағы түрлі аудармасын орындайды. 

OLS аударма агенттігі аудармашыларының ірі логистика компанияларында жұмыс тәжірибесі бар.

OLS артықшылығы

  • Бізде логистика саласында мол тәжірибесі және кәсіптік білімі бар аудармашылар жұмыс істейді. Бұл осы сала мамандарына арналған көлік-логистика мәтіндерінің кәсіби аудармасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; 
  • Агенттік базасында 30 аса аудармашылар мен тіл қолданушылары бар. Біз үлкен көлемдегі мәтін аудармасын аламыз және оны қысқа мерзім ішінде орындап береміз;
  • Логистика саласының аудармасын әлемнің 50 аса тілінен/тіліне аударамыз. Егер сізге сирек  тілге аудару қажет болса, бізге хабарласыңыз! 

 

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ

Энергетика – OLS аударма агенттігі маманданған саланың бірі. Базамызда озық салалық жоғары оқу орындарын бітірген энергетика тақырыбында маманданған 50 аса аудармашы бар.

OLS артықшылығы

  • Біздің агенттік жұмыс істейтін аудармашылардың кәсіби білімі мен энергетика саласындағы мол жұмыс тәжірибесі бар. Соның арқасында біз осы саладағы техникалық мәтіндердің жоғары кәсіби аудармасын қамтамасыз ете аламыз;
  • Біз кәсіби аударма платформасында жұмыс істейміз және бұған аудармашылардың мол саны тартылған, сондықтан қолайлы мерзімде кез келген көлемдегі тапсырыстарды өңдеу мүмкіндігі бар;

Аударма тапсырысын онлайн режимде ресімдеуге болады. Барлық қажетті құжаттар мен материалдарды, сондай-ақ дайын аударманы біздің шабарман шұғыл жеткізіп береді.

 

МЕТАЛЛУРГИЯДАҒЫ АУДАРМА

OLS агенттігі металлургия саласының кез келген аударма түрін жасайды.

Біздің мамандар салалық көрмелерге арналған материалдарды аударады. Көптеген мамандар металлургиядағы аудармаларды 20 жылдан бері орындап келеді.

ОLS артықшылығы:

  • Бізде кәсіптік білімі және металлургия саласында мол жұмыс тәжірибесі бар аудармашылар жұмыс істейді. Бұл осы сала мамандарына арналған техникалық мәтіндердің кәсіби аудармасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
  • Агенттік базасында 50 аса аудармашы бар. Біз үлкен көлемдегі мәтін аудармаларын аламыз және оны қысқа мерзім ішінде жасаймыз;
  • Металлургия саласындағы аудармаларды әлемнің 50 аса тілінде іске асырамыз. Сирек тілде аударма қажет болса, бізге хабарласыңыз! 

 

АВТОМОБИЛЬ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ 

OLS аударма агенттігі автомобиль тақырыбындағы аударманың барлық түрін орындайды. Базамызда авто тақырыбы бойынша кәсіби техникалық білімі мен осы саладағы аударма жасау тәжірибесі бар 50 аса аудармашы бар.

OLS артықшылығы:

  • Біздің есебімізде 15 жуық аударма жобалары. Бұл мамандар аударған және кәсіби редакторлар тексерген 10 000 асатын беттегі мәтіндер. Мол тәжірибеміз күрделілігі кез келген аударманың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Клиенттеріміздің бірі «AllurAuto»компаниясына автокөлік нұсқаулықтарын аударып бердік;
  • Түрлі салада маманданған аудармашылардың үлкен базасының арқасында, біз үлкен көлемдегі жұмыстарды қысқа мерзімде орындай аламыз;
  • OLS агенттігі автомобиль аудармасын толықтай «кілтімен» тапсырады. 

 

 

ІТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ

OLS аударма агенттігі ақпараттық технологиялар саласындағы аударманың, соның ішінде бағдарламалық жасақтаманы шектеу, ІТ тақырыбынбағы әдебиеттер аудармасы және басқа да материалдар аудармасының  барлық түрін ұсынады. Аудармашыларымыздың жоғары техникалық білімі бар және ІТ саласында мол тәжірибеге ие.

Аудармашыларымыздың арасында – бағдарламашылар, жүйелік әкімгерлер, сайттар құру және оны ілгерілету, БЖ жасау және енгізу жөніндегі мамандар.

OLS артықшылығы

  • Аудармашылардың мол көлемінің арқасында біз күнінен 100 беттен аса мәтінді өңдейміз және ІТ аудармаларының үлкен көлемін қысқа мерзімде орындау ждылдамдығын арттыру қорына иеміз;
  • Бағдарламалық жасақтаманы шектеуді және аударуды өзіндік терминологияларды меңгерген ІТ саласының мамандары орындайды. Соның арқасында ІТ мәтіндерін аудару ең қатаң сапа стандарттарына сәкес. 

Прайс-лист

Толығырақ

Сынама аударма

Егер Сіз аудармашы болсаңыз және бізбен бірге штаттан тыс аудармашы ретінде қызмет істегіңіз келсе, Сізден сынама аударманы жасап, бізге тексеру үшін translator@ols.kz электрондық поштамен жіберуді сұраймыз

Толығырақ..