Гид қызметі
АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЕСТЕН КЕТПЕС САЯХАТ ЖАСАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
OLS гид-аудармашылары – Қазақстан тарихы мен Астана қаласын жақсы білетін кәсіби мамандар мен энтузиастар.Өзіңізбен алдын-ала келісу арқылы тобыңызға арналған жеке маршрут әзірлейміз. Мамандарымыз Қазақстан маржаны атанған Бурабай көліне дейін тобыңызбен бірге шығып, ілесіп жүреді.
Экскурсиялық қызметтер әр тілде жүргізіледі (орыс, қазақ, ағылшын, неміс, француз, түрік, араб және б.)
Астана қаласы бойынша экскурсия жүргізу маршруты:
- Бәйтерек
- Бейбітшілік және Келісім сарайы
- Хазірет Сұлтан мешіті
- «Астана-Опера» опера және балет театры
- «Атамекен» Қазақстан картасы
- «Ақ орда» Президент сарайы
- Хан Шатыр
Тур-экскурсиялар клиенттің қалауы бойынша Президенттік мәдениет орталығы, Бейнелеу өнері мұражайы, Вечная память узницам "АЛЖИР" тұтқындарын мәңгі еске алу, Тұңғыш Президент музейі, океанариумы бар «Думан» ойын-сауық орталығы, Қорғалжын ұлттық қорығы, М.Мансұров шеберханасы және басқаларымен өзгертілуі, қосылуы және толықтырылуы мүмкін.
«Астана-Бурабай» маршруты
- Абылай хана гранит тағы
- «Жұмбақтас» жартасы
- «ОқЖетпес» жартасы
- «Бурабай» ұлттық саябағына серуен
- Өлкетану мұражайларына бару
Гид-аудармашы жұмысының 1 сағаты еуропа тілдерінде 5 000 тг.
Шығыс тілдеріндегі құны – 10 000 теңгеден бастап (кемінде үш сағат)
Компания сонымен қатар, өз клиенттеріне көлік құралдарын жалға беру қызметін ұсынады.
- Көлік құралын жалға беру қызметі 5 000 теңгеден бастап (кемінде үш сағат).
Астана – Қазақстанның жүрегінде, Сарыарқаның ортасында оазис секілді гүлденіп, өркендеп өсіп келе жатқан мақтанышы. Астана небәрі оншақты жыл ішінде шалғай жатқан қаладан ультразамануи қалаға айналып, әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударып келеді және дүниенің түкпір-түкпірінен қонақтар мен туристерді қарсы алуда.
Астана архитектурасы Шығыстың өзіндік, Батыстың асқақ, Азияның таңдай қақтырарлық, Еуропаның озық сәулетін бір қалаға жинаған. Қала құрылысына әлемнің тағдайлы сәулетшілері атсалысты, соның арқасында Сол жағлауда ғажайып заманауи ғимараттар тұрғызылды.
Қонақтарыңызбен бірге қалада серуендеп, тамаша архитектуралық ғимараттар асында түрлі-түсті суретке түскіңіз келетіні және де ғажайып әсер алатыныңыз,сөзсіз! Ондай болса, тартымды, тәжірибелі гид-экскурсия жүргізушісінің көмегіне жүгінуіңізге тура келеді.
Сынама аударма
Егер Сіз аудармашы болсаңыз және бізбен бірге штаттан тыс аудармашы ретінде қызмет істегіңіз келсе, Сізден сынама аударманы жасап, бізге тексеру үшін translator@ols.kz электрондық поштамен жіберуді сұраймыз
